«Барымташылар. Уақыт жолдары» көркем фильмі Францияда прокатқа шығады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Барымташылар. Уақыт жолдары» көркем фильмі Францияда прокатқа шығады
ашық дереккөз

Фильмнің продюсері Юлия Кимнің айтуынша, француз көрермендері кинотуындыны үлкен экрандарда биылғы  16 желтоқсаннан бастап көре алады. "Пандемиямен байланысты үлкен қиындықтарға қарамастан, кинокартина Бусан, Токио, Гетеборг, Шанхай және Хельсинки кинофестивальдеріне қатысып үлгерді және жақын арада Cottobus неміс кинофестивалі мен Торонтодағы Азия киносының ХКФ конкурсында көрсетілетін болады", - деді продюсер. Фильмде, тыныш өмірінің шырқын бұзып, барымташылар отағасын аяусыз өлтірген отбасы туралы баяндалады. Марқұмның 12 жасар баласы Олжас, барымташылардың қолынан мерт болған әкесінің өліміне қайғырып, зұлымдықпен күресіп, отбасыларына түскен ауыртпалықты қарындастарымен бірге кешеді. Қорғансыз қалған Олжастың отбасына ғайыптан пайда болған бөгде біреу қол ұшын созады. Фильмде басты рөлдерді Канн кинофестивалінде үздік актриса атанған Самал Еслямова (Қазақстан), танымал қазақстандық актер Дулыға Ақмолда және жапондық актер Мирай Морияма сомдайды. Әкесін жоғалтқан баланың рөлін Мәди Минайдаров есімді жас актер ойнайды. Айта кесек, фильмнің өндірісіне «Қазақфильм» және жапондық Tokyo New Cinema компаниясы ат салысты.