«Бек Эйр» компаниясының арызы бойынша сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![«Бек Эйр» компаниясының арызы бойынша сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115288036599248.webp)
Естеріңізге сала кетейік, тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі-ТҚҚК) сотқа 2020 жылғы 3 шілдеде талап арыз беріп, онда 5,9 млн.теңге сомасына билет сатып алған 81 тұтынушының мүдделеріне өкілдік етті. 2020 жылғы 24 шілдеде Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты ТҚҚК-нің талап-арызын қанағаттандырды, оған «Бек Эйр» АҚ-мы апелляциялық шағым берді. онымен қатар, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 241 бабына сәйкес, соттың шешiмi заңды күшiне енгеннен кейiн атқару парағы жазылып беріледі. Атқару парағын бiрiншi сатыдағы сот шешiм заңды күшiне енген немесе iс жоғары тұрған соттан қайтарылған күннен бастап үш жұмыс күні iшiнде жазып береді. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 18 бабына сәйкес, жеке тұлғалар атқарушылық iс жүргiзуге дербес немесе өкiлдерi арқылы қатыса алады. Мерзімді өндiрiп алу туралы атқарушылық құжаттарды қоспағанда, сондай-ақ заңнамалық актілермен орындаудың өзгеше мерзімдері белгiленгеннен басқа жағдайларда, атқарушылық құжаттар бойынша сот орындаушыларының орындауы атқарушылық iс жүргiзу қозғалған күннен бастап екi айдан аспайтындай мерзiмде аяқталуға тиiс (Осы Заңның 39 бабы). Алматы қалалық сотының апелляциялық сот алқасында «Бек Эйр» АҚ-на ТҚҚК -нің екінші талабы бойынша апелляциялық шағымы қаралуда екенін қосымша хабарлаймыз. Кезекті отырыс 2020 жылғы 21 қазанына сағат 12:40-қа белгіленді. Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты «Бек Эйр» АҚ-ға қатысты үшінші талапты қарастырып жатқанын қосымша хабарлаймыз, онда ТҚҚК 535 тұтынушының мүддесін білдіреді, талап қою сомасы 33,8 млн теңге. Кезекті отырыс 2020 жылғы 28 қазанда сағат 15:00-ге белгіленді.
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)