Қорғаныс министрлігі: Кешенді тексеру арнайы күштердің жауынгерлік дайындығын көрсетті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қорғаныс министрлігі: Кешенді тексеру арнайы күштердің жауынгерлік дайындығын көрсетті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115292246310933.webp)
Тексеру Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Бектановтың бақылауымен өтті. Тікелей басшылық ету үшін Бас штаб пен 14776 әскери бөлімінің офицерлерінен жедел топ құрылды. Кешенді тексеру барысында, әскери бөлім мен бөлімшелерді жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтіру, белгіленген аудандарға қозғалысты ұйымдастыру және өткізу, бөлімдердің басқарма органдарын даярлау, бөлімшелердің оқу-жауынгерлік тапсырмаларын орындау мәселелері пысықталды. Басшылық артиллерия атысын түзетуге, авиацияны бағыттауға, қарсыластың диверсиялық-барлау топтарымен күресуге, күндіз және түнде армиялық тактикалық оқ атулар жаттығуларын орындауға, сондай-ақ қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін меңгеруге ерекше назары аударды. Арнайы-тактикалық, инженерлік, әскери-медициналық даярлық пәндері бойынша сынақтар, радио-дайындық пен әскери топография бойынша нормативтері қабылданды, сонымен қатар физикалық төзімділік пен психологиялық тұрғыда шыдамдылығы тексерілді. Бас штаб арнайы бөлімшелердің жауынгерлік дағдысын жетілдіру жөнінде егжей-тегжейлі талдау мен нақты ұсыныстар дайындауды жүргізуде.
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)