Елордалық еріктілер дәрігерлерге қорғаныс құралдарының жиынтығын табыс етті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордалық еріктілер дәрігерлерге қорғаныс құралдарының жиынтығын табыс етті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115293941462963.webp)
«Елордада 53 волонтерлік ұйым жұмыс істейді. Солардың бірі — «Қазақстанның Медицина Жастары». Олар жеке қорғаныс құралдарын сатып алып, таратады, учаскелік дәрігерлерге тәуекел тобындағы азаматтарды аралау кезінде көмектеседі. Біз барлық емханалардағы медицина қызметкерлерін құттықтауды жоспарлап отырмыз. Олардың жұмысын коронавирустың алғашқы толқыны кезінде көрдік. Атап айтқанда, дәрі-дәрмек жеткізіп, жедел жәрдем қызметіне көмектестік. Сонымен қатар, «Рамада плаза» қонақ үйінің жанындағы стационарда 47 волонтер-дәрігер жұмыс істеді», — деді Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Дәулет Кәрібек.
№4 емхана директоры Серік Шаймерденов өз сөзінде еріктілерге алғыс айтып, олардың жұмысын жоғары бағалады.
«Еріктілер бізде өте белсенді жұмыс істейді. Атап айтқанда, олар ардагерлермен тығыз қарым-қатынаста. Оларға дәрі-дәрмектер тасымалдап, үйіндегі шаруасына көмектесті. 9 айдың қорытындысы бойынша «жасыл аймаққа» кірдік. Ұжымның өте жақсы екенін мақтан тұтамыз. Бүгінгі таңда жағдай бірқалыпты, бірнеше жұқтыру жағдайы бар, бірақ барлығы тұрақты», — деп қорытындылады емхана директоры.
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)