1 қарашадан бастап еңбек мигранттары ХҚКО арқылы рұқсат рәсімдей алады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![1 қарашадан бастап еңбек мигранттары ХҚКО арқылы рұқсат рәсімдей алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115289226337029.webp)
Барлық облыстағы қалаларда 2018-2019 жылдар аралығында Көші-қон қызметі орталықтары ашылған болатын. Сол жерде еңбек мигранттары «бір терезе» қағидасы бойынша еңбек патенттерін рәсімдеп келді. Бұл орталықтарда көші-қон, ПД-нің криминалистикалық қызметі, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері, сондай-ақ медициналық ұйымдар, сақтандыру компаниялары және екінші деңгейлі банктердің қызметкерлері орналасқан, электронды кезектер енгізілген. Жұмысты осылайша ұйымдастыру еңбек мигранттарына рұқсат рәсімдеу мерзімін бірнеше күннен 2-3 сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді және тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу бұрынғысынан да ыңғайлы бола түсті. ҚР ІІМ азаматтардың оң пікірлерін ескере отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясымен бірге осы жылы еліміздегі барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы еңбек мигранттарына патент рәсімдеу бойынша пилоттық жобаны жүргізуге кірісті. Сол үшін ХҚКО-ның ақпараттық жүйесі ІІМ көші-қон қызметінің жүйесімен біріктірілді. Осылайша «бір терезе» арқылы бастапқы және әзір құжаттарды берудің тәртібі оңтайландырылды. Соның нәтижесінде ХҚКО арқылы 18 мың 500-ден астам патент рәсімделіп, берілді. 1 қарашадан бастап мемлекеттік қызметті көрсетудің осындай тәсілін барлық ХҚКО-да пайдалану жоспарланып отыр.
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)