Алтай Көлгінов инвесторлармен тоқыма фабрикасының құрылысын талқылады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алтай Көлгінов инвесторлармен тоқыма фабрикасының құрылысын талқылады
ашық дереккөз

«Ішкі нарықта фабрикалар мен зауыттарға, көтерме сауда және қоймадан тарату орындарына сұраныс бар. Сондықтан қаламыз бен қала тұрғындарына маңызды мұндай нысандарды көптеп ашып жатырмыз. Олардан шығатын өнімді мысалы, жаңа нысандардың құрылысына, ТКШ модернизациясына, инженерлік тораптарды алмастыруға пайдалануға болар еді. Сонымен бірге, тармақталған желілерді салу қажеттігін пандемия да көрсетіп отыр», - деп жазды А.Көлгінов.

«Kayaturk Group» компаниясының инвесторларымен бірлесіп, тоқыма фабрикасы мен азық-түлік супермаркеті құрылысы мәселесі талқыланды. Холдингтің құрылтайшысы Абдул Насыр Четин тұрақты жұмыс орындары ашылып, өндіріс жолға қойылатынын атап өтті. «Инвесторлармен жекелеген кездесумен бірге, инвестициялық кеңестер де өткізіп жүрміз. Өңірлік инвестициялық кеңесте қолдау тапқан жұмыстардың ішінде әлеуметтік, инфрақұрылымдық, өндірістік, логистикалық және басқа да жобалар бар. Құрылыс жекеменшік қаржыға жүргізіледі. Әр инвестормен жеке жұмыс істеп, пайда болған әкімшілік тосқауылдарды жойып жатырмыз», - дейді елорда әкімі.