Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі жеңісі үшін алған гонорары белгілі болды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі жеңісі үшін алған гонорары белгілі болды
ашық дереккөз

Бұл жекпе-жек үшін Рахмонов 37 500 доллар тапты. Атап айтқанда, қазақстандық октагонға шығу үшін 10 000 доллар, жеңісі үшін — тағы осындай сома, UFC промоутерлік бонусы ретінде тағы 3 500 доллар алды. Сонымен қатар, қазақстандық файтерге 14 000 долларды оның қарсыласы Оливейра «сыйға тартты».

Бразилиялық спортшыға келетін болсақ, оның жалпы табысы 61 000 долларды құрады, дегенмен 70 000 доллар алуы тиіс болатын. Сондай-ақ, Оливейра UFC-тен 5000 доллар көлемінде промоутерлік бонус алды.

Естеріңізге сала кетейік, олардың жекпе-жегі UFC 254 турнирі аясында өтіп, Рахмоновтың уақытынан бұрын жеңісімен аяқталды. Бірінші раундта қазақстандық бразилиялық қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңді.