Дауды оған ешқашан оралмайтындай етіп шешу маңызды — медиатор
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Дауды оған ешқашан оралмайтындай етіп шешу маңызды — медиатор](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115292712628397.webp)
Халықаралық медиация академиясының «QORGAU» қоғамдық қорының басшысы Әсел Сайлаубай медиацияның бейтараптықты ұстанудан тұратынын атап өтті. «Медиацияның басқалардан айырмашылығы медиатордың ешқай жақтың позициясын қабылдамайтындығында. Мысалы, бізге құрбымыз келіп, жұбайы туралы шағымданса, біз оны қолдап, оларды татуластыруға уәде бере бастаймыз. Медиатор өзін олай ұстамайды, ол ешкімді қолдамайды. Медиация туралы заңда нақты жазылған, медиацияда бейтараптықты ұстану маңызды», — дейді сарапшы. Оның айтуынша, даудың ортасындағы барлық тарап риза болған кезде медиация үшін жетістік болып саналады. «Сіздер араздасқан топты арашалау үшін оларға бұдан былай ешқандай дау туындамайтындай көмектесулеріңіз керек. Яғни олар бұл араздасу туралы мүлде ұмытып кетуі тиіс. Егер мектепті мысалға алатын болсақ, бір сыныпта оқитын балалардың ата-анасы о баста ренжісіп қалса, бұл реніш балалары 11-сыныпқа барғанша жалғасуы мүмкін. Бұл туралы ата-аналардың өздері байқамауы мүмкін, бірақ олар оқу процесіне кедергі келтіретін болады», — деді спикер. Сондай-ақ ол ата-аналар балаларын о бастан конструктивті диалог құруға үйрету керектігін атап өтті. «Әркім өз баласын қорғауы керектігін түсінемін. Бірақ әрдайым ренжісудің неден басталғанын анықтау керек. Медиацияның мақсаты — кінәліні табу емес, бұл араздықты тоқтату», — деді медиатор. Кездесу барысында сарапшы өзінің өмірлік тәжірибесімен және дауды шешудің түрлі тәсілімен бөлісті. Айта кетсек, аталған шараны «QORGAU» заңгер-медиаторлар зияткерлік клубы «KAMEDA» қоғамдық қорының қолдауымен, «Ерекше мерекелер» қоғамдық қорымен және Халықаралық медиация академиясының «QORGAU» қоғамдық қорымен бірлесіп ұйымдастырды.
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)