Елорданың шет аумағында жаңадан саябақ ашылды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елорданың шет аумағында жаңадан саябақ ашылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211529357031428.webp)
Жаңа орын елорданың Алматы ауданына қарасты Промышленный тұрғын алабында ашылып отыр. Жұртшылыққа арналған саябақта қажетті жағдайдың бәрі дерлік жасалған. Шағын ауданның тұрғындары қысы-жазы қолдануға қолайлы болмақ.
«Промышленный тұрғын алабында жақсы бір саябақ ашылып отыр. Қала әкімі Алтай Сейдірұлының тапсырмасымен салынған бұл орын маусым айында қолға алынып, бүгін міне абаттандыру жұмысы аяқталып отыр. Мұнда жарықтандыру, суару жүйесі толығымен автоматтандырылған. Сонымен қатар, тұрғындар заман талабына сай, заманауи, жаттығу құрылғылары орнатылған спорт алаңы салынды. Бұған қоса балаларға арналған ойын алаңы да орнатылды. Ерекше атап өтерлігі, дәл осы балаларға арналған орында ескі ғимарат болатын. Оны сүріп тастап, орнына осындай ыңғайлы, заманға сай орын ашылып отыр», — дейді Нұр-Сұлтан қаласы Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары Айдын Бегімбеков.
Ведомство өкілі сөзін жалғай отырып, саябақта мүмкіндігі шектеулі балалардың да жағдайы назардан тыс қалмағанын айрықша атап өтті.
«Балаларға арналған орында арнайы құрылғы бар. Соның көмегімен мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндердің қиналмай ойнауына жағдай жасалды. Парк ішінде шағын ауданның тұрғындарымен қосылып, бүгін сенбілік ұйымдастырылды. Соның нәтижесінде 40 қарағай ағашы егіліп отыр. Жалпы «Нұр-Сұлтан — жайлы қала» жоспары бойынша елордамыздың шет аумағындағы бос жатқан жерлерді игеру арқылы, сол сияқты жарамсыз ескі ғимараттарды бұзу арқылы ел игілігіне, тұрғындардың жайлылығына арналған алаңқайлар, саябақтар біртіндеп осылай ашылады», — дейді басқарма өкілі.
Сөз соңында Айдын Бегімбеков спорт алаңы қыстыгүні де қолдануға ыңғайлы екенін атап өтті.
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)