Шағын және орта бизнестің зардап шеккен салаларына мемлекет жаңа құралдар арқылы қолдау көрсетеді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Шағын және орта бизнестің зардап шеккен салаларына мемлекет жаңа құралдар арқылы қолдау көрсетеді
ашық дереккөз

«Шағын және орта бизнес өте қиын кезеңдерді бастан кешіп отыр. Пандемияның соққысы алдымен соларға тиді», – деген болатын Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында.

Президент Үкіметке шағын және орта бизнеске мемлекет тарапынан қосымша қолдау көрсетуді, атап айтқанда: несиелерін жеңілдікпен қайта қаржыландыруды тапсырған болатын. Жаңа бекітілген өзгерістер бойынша, COVID-19 пандемиясынан туындаған дағдарыс кезінде зардап шеккен кәсіпкерлер биылғы 31 тамызға дейін алынған лизинг мәмілелері мен несиелерін «Даму» Қоры арқылы ішінара субсидиялай алады. Қолдау алатын  компаниялар мен кәсіпорындар қатарына жеке сауда саласындағы, қонақ үй, туристік қызмет, кинотеатр, фитнес-орталықтар, көлік жөндеу мен техсервис қызметі, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру секілді қызмет көрсететін 29 түрлі сала енген. «Өзгеріс шартттарына сәйкес, кәсіпкер номинал мөлшерлеменің тек 6 пайызын ғана төлейді. Ал айырмасын мемлекет өтеп береді», - деді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өкілдері. Бағдарламаға қатысудағы басты шартардың бірі – кәсіпкерде биылғы 16 наурызды есепке алғандағы мерзімде 180 күннен асқан несие мөлшерлемесі және негізгі қарызы бойынша кешіктіру, қарызы болмауы керек. Қолдаудың жаңа шарасы биылғы 16 наурыз бен 2021 жылғы 15 наурыз аралығындағы кезеңге (субсидиялау кезеңі) көзделген, бұл ретте несие бойынша сыйақының номинал мөлшерлемесі 16 наурыз бен 31 тамыз аралығындағы кезеңге шектелмеген, 2021 жылғы 1 қыркүйек пен 15 наурыз аралығындағы кезеңге 18 пайыздан аспауға тиіс. Мемлекеттен қолдау алу үшін кәсіпкерлер биыл 30 қазанға дейін банкке өтінім беруі қажет, бұдан әрі «Даму» Қоры банктер берген тізілімдер мен сауалнама-өтініштер негізінде 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде субсидиялау мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды.