Елордалық 18 оқушы КВИ жұқтырған – Білім басқармасының басшысы

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық 18 оқушы КВИ жұқтырған – Білім басқармасының басшысы
ашық дереккөз

«Қазіргі уақытта мектептерімізде 3 011 кезекші сыныпта 40 400 оқушы білім алуда. Қаланың бас санитар дәрігерінің мәліметінше, мектеп оқушылар арасында Соvid-19 жұқтырғандар бары анықталды. Осы уақытқа дейін ауырғандар саны 18 болса, олардың 14-і қашықтан білім алатындар. Төртеуі кезекші сыныпта оқиды. Сырқаттанған балалар қашықтан білім алу форматына көшірілді. Тиісінше олардың сыныптарына дезинфекция жүргізілді. Енді бұл оқушылардың сыныптастары 14 күннен соң бұрынғы режимге қайтадан көшеді. Бұл жағдай Білім басқармасының ерекше бақылауында болады», - деді ол.