Аз қамтылған отбасылардың балалары компьютермен қамтамасыз етілді – Қадырова

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Аз қамтылған отбасылардың балалары компьютермен қамтамасыз етілді – Қадырова
ашық дереккөз

«Қазіргі уақытта барлық білім беру мекемелері қашықтан жұмыс жүргізіп жатыр. Үздіксіз білім беру үдерісін қамтамасыз ету мақсатында мектеп қорынан 9 700 компьютерлік техника бөлінді. Қосымша жергілікті бюджет есебінен 8 мың компьютерлік техника сатып алынды. Бұған қоса республикалық бюджет есебінен 4 млрд 87 млн теңгеге 26 487 компьютер сатып алынуда. Қазіргі уақытта оның 6 770-і жеткізілді. Қалғаны қазан айының соңына дейін жеткізіледі. Ең бастысы, аз қамтылған отбасыларының балалары және жетім, мүгедек балалар компьютерлермен қамтамасыз етілді. Осы ретте ата-аналарға айтып өтетін жайт, егер мектептен берілген компьютерден ақау табылса, оны мектеп әкімшілігіне хабарласып, жөндеп алуға болады», - деді ол.