Аида Балаева қоғамдық кеңес жұмысының қажеттілігі мен мүмкіндігі туралы айтты

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Аида Балаева қоғамдық кеңес жұмысының қажеттілігі мен мүмкіндігі туралы айтты
ашық дереккөз

«Қоғамдық кеңестер барлық әлеуметтік маңызды тақырыптар бойынша тәуелсіз мониторингтер мен тыңдаулар өткізе алады. Атап айтқанда, қоғамдық көлік, тұрғын үй құрылысы, жол жөндеу, ПИК қызметтері, ең қажетті тауарлардың бағасы және басқа да тақырыптар бойынша мыңнан астам зерттеулер жүргізілді. 1 500-ден астам қоғамдық талқылау өткізіліп, соның ішінде сумен жабдықтау, санитарлық ахуалды жақсарту, медицина мен білім беру салаларындағы қызмет көрсету сапасы сияқты басқа да тақырыптар қамтылды. Яғни мұның барлығы қоғамдық кеңес жұмысының қажеттілігі мен мүмкіндігін ғана емес, бұл жобаның келешегінің зор екенін көрсетіп отыр», - деді ол.