Полицейлер ЕҚЫҰ-мен бірлесіп дайындалған әдістер бойынша оқытылады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Полицейлер ЕҚЫҰ-мен бірлесіп дайындалған әдістер бойынша оқытылады
ашық дереккөз

Екі тарап әрі қарайғы ынтымақтастық және ішкі істер органдарын реформалау саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері бойынша пікір алмасты. Қазіргі уақытта ЕҚЫҰ қолдауымен Қарағанды облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсіл бойынша пилоттық жоба іске асырылуда. Ведомстволық білім беру ұйымдарының оқу бағдарламаларына ЕҚЫҰ қолдауымен әзірленген учаскелік полиция инспекторларының жұмысына пайдаланатын жадынаманы зерделеу енгізілді. Бұл түрлі жағдайлардағы қадамдық іс-қимыл алгоритмін қамтитын учаскелік инспектордың қызметтік кітабы болып саналады. Министр ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисінің Еуропа елдеріндегі полиция қызметін алға ілгерілетуде озық көрсеткішке ие екенін атап өтті. Сондай-ақ шет елдерде полицияны реформалау саласындағы мол тәжірибесі бар халықаралық сарапшыларды ұсынғаны үшін алғыс білдірді.