ІХ республикалық қарилар байқауының жеңімпаздары анықталды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ІХ республикалық қарилар байқауының жеңімпаздары анықталды
ашық дереккөз

72 үміткер бақ сынаған байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегелерін марапаттау рәсіміне ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, ел ағалары, ұлт зиялылары Өмірзақ Озғанбаев пен Мырзатай Жолдасбек, сондай-ақ, дін жанашыры, жарысқа демеушілік жасаған Бахардин Аблязимов арнайы қатысты. «Аллаға сансыз шүкірлер болсын, жасынан Құран жаттап қарилардың байқауын қорытындылап, марапаттап отырмыз. Қазіргі пандемияға қарамастан, алтын уақыттарын бөліп келген ел ағалары Өмірзақ Озғанбаев, Мырзатай Жолдасбек, Ғарифолла Есім ағаларымызға және осы байқауды өткізуге атсалысқан ҚМДБ ұжымы мен Нұр-Сұлтан қаласының өкілдігіне, қариларды бастап келген облыстардың бас имамдары мен демеуші болған азаматтарға алғысымды білдіремін. Қатысушылардың қарым-қабілетін бағалап, жарысқа төрелік еткен қазылар алқасындағы Кәмілжан, Сәдуақас, Еркінбек, Ерсін және Жұманазар қариларға да рақметімді айтып, Алла жар болсын демекпін. Осы отырған жап-жас қариларымыз өздеріңіз секілді білімді, абыройлы азамат болып өссін!», - деді Бас мүфти марапаттау сәтінде. [caption id="attachment_43553" align="alignnone" width="2400"] Фото: muftyat.kz[/caption] Қазылар алқасының шешімімен 4 аталым бойынша жеңіс тұғырынан көрінген қарилардың тізімі төмендегідей: