Қазақстандық олимпиадашылар оқушыларға онлайн сабақтар өткізеді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қазақстандық олимпиадашылар оқушыларға онлайн сабақтар өткізеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211530937722134.webp)
Стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық Комитетінің Бас хатшысы Андрей Крюков пен «Күнделік» ЖШС бас директоры Мұхтар Ілиясов қол қойды. Қашықтан білім беру жүйесі студенттер мен олардың ата-аналарының қалыпты өміріне айналды. Жобаның негізгі идеясы да бүкіл әлемдегі қазіргі жағдаймен тікелей байланысты. Сондай-ақ, дене шынықтыру сабақтары да онлайн кеңістікке көшірілді. «Қазіргі жағдайды ескере отырып, өзіміздің де, балаларымыздың да денсаулығын сақтау өте маңызды. Қашықтан оқыту барысында оқушылар күнделікті өмірін монитор алдында өткізеді. Физикалық белсенділік азайғандықтан баланың толық дамуына әсер етеді. Сондықтан, Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитеті және біздің олимпиадашылар дене шынықтыру сабағын өткізуге практикалық көмек ұсынады. Айта кетерлігі, бұл шын мәнінде кез-келген спортшының мансабындағы алғашқы қадам болып отыр. Біз чемпион болу балалық шақтан басталады деп жиі айтамыз. Сондықтан балалардың денсаулығын жан-жақты дамытуға бағытталған осындай жобаны бастау туралы шешім өте маңызды қадам болып табылады. Біздің бастамамызды қолдағаны үшін kundelik.kz сайтына алғыс айтамыз және бірлескен жоба тек мектеп оқушылары арасында ғана емес, сонымен бірге бүкіл елдегі дене шынықтыру мұғалімдері арасында оң көзқарасқа ие болады деп сенеміз», - дейді Қазақстан Ұлттық Олимпиада Комитетінің Бас хатшысы Андрей Крюков.
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)