20 мың тонна азық-түлік өнімдеріне келісімшарттар жасалды – Гүлмира Ермолдина

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
20 мың тонна азық-түлік өнімдеріне келісімшарттар жасалды – Гүлмира Ермолдина
ашық дереккөз

«Осы жылдың басынан бастап 19 негізгі азық-түлік тауарларына бағаның өсуі 109,3 пайызды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,2 пайызға төмен. Жалпы бағаның өсуі маусымдық сипатқа ие. Дәстүр бойынша бұл қаңтардан бастап сәуірге дейін байқалады. Ал мамыр айынан бастап жаңа өнімге баға түсе бастайды», - дейді басқарма басшысының орынбасары.

Сондай-ақ, оның айтуынша бағалардың өндірушілердің шикізатқа, қаптау, буып-түю материалдарына шығындардың қымбаттауы көрсетіледі. «Бұған үлкен әсер ететіні арасындағы алып-сатарлар болады. Жалпы қала бойынша бағаны тұрақтандыру мақсатында бірқатар шаралар қабылдануда. Бірінші айналым механизмі бойынша 20 мың тонна өнімге келісімшарттар жасалды. Бұл 7 субъектпен келісімшартқа қол қойылып, 3,6 млрд теңгеге несие бөлінді. Бұл ірі сауда нысандарында бекітілген бағалар бойынша сатуға мүмкіндік береді», - дейді Гүлмира Ермолдина.