«Рухани жаңғыру»: Елорда колледждерінің психологтарына арнайы дәріс өткізілді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![«Рухани жаңғыру»: Елорда колледждерінің психологтарына арнайы дәріс өткізілді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211530723683999.webp)
![](https://elorda.info/wp-content/uploads/2020/10/image-22-10-20-05-11-1024x768.jpeg)
Колледждердің психологтарына арналған семинар-тренинг бір апта бойы өткізілді. Онда қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы өзекті тақырыптардың біріне айналған суицидті болдырмау жөніндегі ғылыми-әдістеме негізге алынған.
Сонымен қатар тренинг барысында психологтардың біліктілігін арттыру мақсатындағы семинарлар, дөңгелек үстелдер, тренингтер мен практикалық жаттығулар өткізуге арналған әдістемелік ұсыныстар зерделенген.
Елордалық психологтарға арналған тренингті халықаралық деңгейдегі тәжірибелі кәсіби психологтар өткізді. Олардың бірі – Л.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің доценті, педагогика ғылымдарының докторы Айкүміс Омарбекова.
«Қазіргі уақытта тек қана жасөспірімдер арасында ғана емес, әлемдік пандемияға байланысты отбасы мүшелерінің барлығы бір мезетте үйлерінде, яғни бір кеңістікте топтасқандықтан, ересек адамдардың бойында да күйзеліс, психологиялық ауытқушылықтар пайда болуда. Осы ретте «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі мен «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының қолдауымен елордадағы психологтарға 72 сағаттық семинар-тренинг өткіздік. Жалпы, бұл – «Рухани жаңғыру» аясында ұйымдастырылып отырған халықаралық ауқымды жоба», – деді Айкүміс Омарбекова.
Мамандардың айтуынша, тренерлер тарапынан стрессменеджменттің «Стрессті оптимизммен басқарыңыз» неміс бағдарламасын басқару тақырыбындағы ақпарат кеңінен беріліпті. Әрбір семинар-тренингке қатысқан психологтар оқу барысында алған білімін енді тәжірибе жүзінде өз алаңдарында кеңінен жалғастыратын болады.
Сонымен бүгін 72 сағаттық семинар қорытындыланып, оған қатысқан барлық психолог маманға арнайы сертификаттар табыс етілді. Сонымен қатар ұйымдастырушылар мен тренерлер Алғыс хаттармен марапатталды.
Сондай-ақ шара барысында «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі мен «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы мемомандумға қол қойылды.
Айта кету керек, семинар-тренинг кездерінде барлық санитарлық талаптар сақталған.
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)