Қазақстандық фармацевтикалық зауыты жылына 90 млн құты инъекциялық ерітінді шығарады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қазақстандық фармацевтикалық зауыты жылына 90 млн құты инъекциялық ерітінді шығарады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115307312759540.webp)
"2014 жылдың шілде айында пайдалануға берілген "Kelun-Kazpharm" фармацевтикалық зауыты қазіргі уақытта еліміздегі фармацевтикалық өнімдердің ірі өндірушісі болып саналады. Зауыттың қуаты ішкі нарықты толық көлемде дәрілік өніммен қамтамасыз ету үшін жеткілікті көлемде инъекциялық ерітінділер өндіруге мүмкіндік береді. Өнім өндірудің жылдық көлеміне жүз елуден астам атау енгізілген. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 90 млн құты инъекциялық ерітіндіні құрайды. Полипропилен бөтелкелерінде жасалған өнімдер тасымалдау мен пайдалануда өте ыңғайлы" делінген ҚР ИИДМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Халықаралық талаптарға сай және құны бойынша қолжетімді дәрілік заттар шығаратын зауыт өнімдері Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей сияқты елдерге экспортталады.
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)