Қорғаныс министрлігі: БАӘ-ден медициналық мақсаттағы гуманитарлық жүк келді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қорғаныс министрлігі: БАӘ-ден медициналық мақсаттағы гуманитарлық жүк келді
ашық дереккөз

Гуманитарлық көмек ҚР Қорғаныс министрлігінің медициналық мекемелеріне, әскери госпитальдары мен лазареттеріне арналған. Жүктің жалпы салмағы 18 тоннадан асады. Гуманитарлық көмекке реанимобиль, өкпені жасанды желдету аппараттары, капнографтары бар төсек жанындағы мониторлар, экстракорпоралды мембраналық оксигенация аппараттары және басқа да жабдықтар кіреді. Сонымен қатар ПТР зертханаларын ерекше атап өткен жөн. Онда жабдықтардан басқа жаңа лазерлік қан анализаторы сынақтан өткізіледі. Оларды орнату үшін Қазақстанға БАӘ-ден екі маман жіберілмек. Бұған дейін әмірліктер тарапының бастамасы бойынша қазақстандық әскери дәрігерлер Абу-Даби қаласындағы әскери госпитальде осы зертханаларды пайдалану бойынша теориялық және тәжірибелік оқытудан өткен болатын.