Бұл сайлауда парламенттік оппозицияға мүмкіндік беріледі – Индира Рыстина
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Бұл сайлауда парламенттік оппозицияға мүмкіндік беріледі – Индира Рыстина](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211530152768910.webp)
Сонымен алдымызда келе жатқан сайлаудың қандай ерекшеліктері болмақ? Саяси ғылымдарының докторы өз ойын былайша жеткізді: «Біріншіден, бұл дәстүрлі пропорционалды сайлау жүйесімен сайланатын Мәжілістің құрылуы. Пропорционалды сайлау жүйесі дегеніміз не? Ол дегеніміз, сайлауға жеке дара тұлғалар емес, саяси партиялар түседі деген сөз. Сайлаушы сайлау учаскесіне барған кезде дауысын үміткер адамдарға емес, үміткер партияларға береді, содан соң партиялардың алған дауыстарының есебі шығарылады да, соған сәйкес пропорционалды түрде мандаттар саны беріледі. Бірақ бұл тұста бір «НО» бар. ӨТУ ШЕГІ. Қазақстан Республикасының Сайлау туралы Заңына сәйкес Мәжіліс депутаттарын сайлаған кезде өту шегі 7% құрайды. Осы көрсеткішке жеткен кезде ғана партия мандаттарды иелене алады. (дауыстардың қалай бөлінетіні туралы бөлек посттар болады) Екіншіден, бұл сайлауда парламенттік оппозицияға мүмкіндік беріледі. Енді Парламент Мәжілісінің тұрақты комитеттерінің бір төрағасы мен екі хатшысын сайлау парламенттік оппозиция депутаттары арасынан жүзеге асырылады. Үшіншіден, жастар мен әйелдердің 30% квотасы. Бұл енді біз үшін жаңалық. Осы көрсеткішке қалай жететінімізді көреміз. Ал енді осы сайлаудың басты фигураларына, яғни саяси партияларға назар аударайық. Теорияға жүгінетін болсақ, неміс әлеуметтанушысы Р.Михельстің пайымдауынша ұйымдық құрылым типі бойынша партияларды кадрлық және бұқаралық партияларға бөлуге болады. - Бұқаралаық партияның ерекшелігі мүшелерінің көптігінде. Партия мүшелері арасында тығыз және тұрақты байланыс бар. Бұқаралық партиялардың негізгі қызметі идеологиялық немесе тәрбиелік сипатта болады. Олардағы көшбасшылық кәсіби саясаткерлерге тиесілі. - Кадрлық партиялардың саны аз, қатаң анықталған және тұрақты мүшелік жоқ. Мұндай партиялар сайлау кезеңінде өміршең бола бастайды. Оларды аздаған кәсіби саясаткерлер басқарады, сәйкесінше билік партия атынан үкіметке қатысатындардың қолында. Сонымен, партиялардың негізгі екі түрі бар деп санасақ еліміздегі партияларды жіктеп көруге болады. Кей бір партиялар сайлауаралық кезеңде белсенді жұмыс жасап, көптеген жобаларды атқарса, кей бір партиялар туралы халық түгілі саясаттану мамандығында білім алатын студенттер де ұмытып қалды. Егер стресс тест жасап, (кәсіби саясаттанушы боламын деп жүрген) студенттерден елімізде қандай партиялар тіркелген деп сұрасақ барлығын атап шыға алады ма екен?» - дейді саясаттану ғылымдарының докторы. Сайлау науқаны аяқ астынан басталайын деп жатқан жоқ. Кезекті сайлау, оған дайындалуға уақыт болды. Ол уақытты кім қалай пайдаланды? «Барлығымыз да «Нұр Отан» партиясының жұмысын көрдік, өткен сайлаудың жеңімпазы ретінде сайлау алды бағдарламасын жүзеге асырды, алдағы сайлауға іріктеу жасап, партияішілік іріктеу ұйымдастырып, Праймериз өткізді. Ал қалған партияларда қандай жұмыс атқарылды? Алдымызды үлкен науқын, саяси оқиға келе жатыр. Соның аясында мен сайлау туралы посттар циклін бастайын деп отырмын. Сайлау ережелері мен ерекшеліктері туралы білгіңіз келсе оқып отырыңыздар», - деп ойын қорытты.
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)