Елімізге 6 қазаннан бері автомобиль арқылы келген 6 мың адамның ПТР-нәтижесі болған жоқ - Есмағамбетова

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізге 6 қазаннан бері автомобиль арқылы келген 6 мың адамның ПТР-нәтижесі болған жоқ - Есмағамбетова
ашық дереккөз

«Қазақстанның мемлекеттік шекарасында 6 қазаннан бастап бақылау күшейтілді. Осы кезеңнен бастап автомобиль арқылы елге 74 мыңға жуық адам келді. Олардың алты мыңға жуығында ПТР нәтижесі болған жоқ, сондықтан олар екі күндік карантинге жатқызылды. Олардың ішінде коронавирустық инфекцияның 122 жағдайы тіркелді», - дейді Айжан Есмағамбетова.

Сөзін жалғай отырып, қай елдердің әуе рейстері қаншалықты қысқартылғанын сандық мәліметтермен түсіндіріп өтті. «Алдымен, Украинадан келетін әуе рейстерінің саны үштен біреуге дейін қысқарады. БАӘ-ден келетін 24 рейс 16-ға дейін азаяды. Германиядан ұшып келетін алты рейс төртеуге дейін, Беларусьтікі тоғыздан төртке дейін, ал Түркиямен аптасына 18 рейске дейін әуе қатынасы қысқартылды, қараша айында тағы алты рейсті қысқарту жоспарланып отыр. Осылайша шекарадағы бақылау күшейтіледі», - деді комитет төрағасы.