Оқу жылының басынан бері 250 оқушы коронавирус жұқтырды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Оқу жылының басынан бері 250 оқушы коронавирус жұқтырды
ашық дереккөз

«Біз оқушылар арасындағы сырқаттану көрсеткішіне күнделікті мониторинг жүргізіп отырмыз. Оқу жылының басынан бері оқушылар арасында КВИ-дің 250 жағдайы тіркелді. Оның ішінде кезекші сыныптарда оқитын балалардың арасында 105 жағдай, 1 426 байланыста болған адам бар. Олардың ішінде 19 оң жағдай анықталды. Қашықтан білім алатын балалар арасында 145 жағдай анықталды. 348 байланыста болған адам бар. Олардың арасында 22 оң жағдай анықталды», - дейді Ажар Ғиният.

Айта кетейік, Ажар Ғиният брифинг барысында еліміздің 12 өңірінде карантиндік шаралар күшейтілгенін мәлім етті.