Қазақстанға келетін шетелдік әуе рейстері қысқартылды – Ғиният

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанға келетін шетелдік әуе рейстері қысқартылды – Ғиният
ашық дереккөз

«Әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты ведомствоаралық комиссия шекарадағы бақылауды қосымша күшейту туралы ұсынысты мақұлдады. 26 қазаннан бастап мына елдерге әуе рейстерінің саны қысқартылады: Украина, БАӘ, Германия, Беларусь, Түркия. Қазақстан Республикасына келетін азаматтардың міндетті түрде тапсырылғанына 72 сағаттан аспаған ПТР тест нәтижесі болуы қажет. Егер анықтама болмаса қазақстандықтар екі тәулікке карантиндік стационарға жатқызылады. Шетелдік азаматтар өз еліне қайтадан депортацияланады», - деді вице-министр.

Ажар Ғиният сөзін жалғай отырып, еліміздің 12 өңірінде карантиндік талап күшейгенін айрықша атап өтті. «Өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайларды ескере отырып, Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының, сол сияқты Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола, Маңғыстау, Алматы, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл облыстарының әкімдіктері карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылдады», - дейді ол.