Сарапшы: Сайлау 2021 – еліміздегі саяси жүйенің тұрақтылығының көрінісі
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Сарапшы: Сайлау 2021 – еліміздегі саяси жүйенің тұрақтылығының көрінісі](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115306024055566.webp)
Оның сөзінше, алдағы сайлау еліміздегі саяси жүйенің тұрақтылығын көрсетеді. "Өткенге көз салсақ, тәуелсіздік алған сәттен бастап Парламент сайлауы жеті рет өткен, оның бесеуі – кезектен тыс. 2021 жылы конституциялық мерзім шеңберінде өткелі жатқан екінші мәжіліс сайлауы, бұл да саяси жүйенің тұрақтылығының көрсеткіші болып табылады. Билікке және саяси билікке қатысу үшін талас қызметін жүзеге асырудың негізгі әдісі партияның өз кандидаттарын мемлекеттің заң шығарушы органдарына сайлауға қатыстырып, олардың сайлануы үшін күрес. Іс жүзінде Қазақстанның саяси партиялары, қозғалыстары, қоғамдық ұйымдары Жоғарғы Кеңес ХІІ және ХІІІ шақырылымдарының, 1990, 1994, 1995 жылдардағы Парламент Мәжілісі сайлауларына қатысты, олардың кейбірі елдің жоғарғы өкілетті органында депутаттық фракциялар құрды. 1994 жылғы 7 наурызда егемен Қазақстанның тұңғыш парламентіне сайлау өтті. XIII шақырылымдағы Жоғарғы Кеңес 1994 жылғы сәуірден 1995 жылғы наурызға дейін жұмыс жасады. Жалпыға ортақ сайлау өткізілгеннен кейін парламентке саяси партиялардың, экономиканың мемлекеттік емес секторының өкілдері келді. 176 депутат сайланды, олардың ішінде: президенттік тізім бойынша 42; қоғамдық бірлестіктерден 75; өзін-өзі ұсынғандар – 59. Сол жылдары оппозицияның қалыптасуы жаңа парламенттің ерекшелігі болды. Жоғарғы Кеңес пен атқарушы орган арасында теке-тіресте жаңа парламенттік дағдарысқа алып келді. Нәтижесінде 1995 жылғы 6 наурыз шақырылымдағы Жоғарғы Кеңес таратылды. 1995 жылдың наурызы мен қаңтары аралағында елде парламент болған жоқ", – деді ол. Сонымен қатар ол 1995 жылы Конституцияның қабылдануы қазақстандық парламентаризмді дамытудың принципті түрдегі жаңа кезеңін бастап бергенін атап өтті. "Бұрын «Парламент» сөзі Жоғарғы Кеңеске қатысты айтылса да, ресми қолданылған емес. Жаңа Негізгі заң Парламентті жоғары заң шығарушы орган деп жариялап, бұл сөзге мемлекеттік мәртебе берді, ал ұғымның өзін нақты саяси мазмұнмен байытты. 1995 жылдың 5 желтоқсанында алғашқы Сенат сайлауы, 9 желтоқсанда – Қазақстан халық бірлігі партиясы 67 орынның 24-іне ие болып, сенімді түрде жеңіске жеткен Мәжіліс сайлауы өткізілді. Демократиялық партия – 12 орын, Шаруалар одағы – 7, Кәсіподақ федерациясы – 5, Жастар одағы – 3, Инженерлік академия – 5, Компартия 2 орын алды. 1996 жылы «Саяси партиялар туралы» ҚР Заңы қабылдағанда партиялық құрылыс процесі жаңа серпін алды, осы кезде посткеңестік қазақстандық көппартиялық тарихының жаңа парағы ашылды. Бұл Заңды қабылдау партиялардың құқықтық институттануы ісінде жасалған алғашқы қадам болды. 1999 жылғы қаңтарда «Қазақстан Республикасы Президентігіне кандидат Н.Ә. Назарбаевты қолдаудың қоғамдық штабы» негізінде құрылған «Отан» республикалық саяси партиясы ықпалды саяси күшке айналды. 16 аймақтық партиялық ұйым (14 облыста және Астана мен Алматы қалаларында), 204 аумақтық партиялық ұйым (яғни, барлық 204 қала мен ауданда), партияның 150 000 мүшесін біріктірген бастауыш партия ұйымдары құрылды. «Отан» партиясымен: Қазақстанның халық бірлігі партиясы, Қазақстанның демократиялық партиясы, Қазақстанның либералды қозғалысы, «Қазақстан-2030 үшін» қозғалысы, Қазақстан Республикасының Әділет партиясы бірікті. Ерекшелігі: 1999 жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің сайлауы Қазақстан тарихында алғаш рет қосымша он орынға саяси партиялардың пропорционалды өкілдігі жүйесі бойынша және бірмандаттық территориялық сайлау аймақтарында өкілдіктіктің мажоритарлы жүйесі бойынша өткізілді. Сайлау заңнамасының аралас жүйесінің енгізілуі саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың мүдделерін толымдырақ білдіруге септігін тигізді", – деді ол. Сондай-ақ сарапшы бұл саяси науқанға еліміздегі өзге де партиялардың белсенді қатысатынына сенім білдірді. "Еліміздегі басқа да партияларда өзекті әлеуметтік-саяси мәселелерге шешуге ат салысып, электорат назарын өздеріне аударып жұмыс жасап, белсенділік танытады деп ойлаймыз. Ең бастысы, біздің көршілеріміз түрлі әлеуметтік катаклизмдерді бастан кешіп жатқанда, Қазақстан эволюциялық даму жолымен жүріп келеді", – деді түйіндеді саяси ғылымдар докторы.
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)