Елімізде жыл басынан бері 78 млн тонна көмір өндірілді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елімізде жыл басынан бері 78 млн тонна көмір өндірілді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115302937475438.webp)
Еліміздің энергия өндіруші кәсіпорындарына 42 млн. тонна, өнеркәсіп кәсіпорындарына 4,2 млн. тонна, коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 6,3 млн. тонна көмір жөнелтілді. 2020-2021 жылдардағы кезеңде коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер және халық үшін көмір өнімі қажеттілігінің қалыптасқан жоспарына сәйкес тұтыну көлемі шамамен 10 млн. тоннаны құрады, оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға шамамен 2,8 млн. тонна, тұрғындар – 7,2 млн. тонна болады. 2020 жылғы 19 қазандағы жағдай бойынша көмірмен қамтамасыз етушілік коммуналдық-тұрмыстық секторды 84%-ды, халықты 76%-ды құрайды. Өткен жылыту маусымының осы кезеңінде қамтамасыз етушілік коммуналдық-тұрмыстық секторды 73%-ды, халықты 69%-ды құрады. Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстарының және Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері коммуналдық-тұрмыстық секторды көмірмен толық қамтамасыз етті. Барлық аймақтарда көмір қоры дайындалған, көмірге тапшылық жоқ. Өңірлер көмірді жеткізуді кестеге сәйкес жеткізіп жатыр.
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)