Елордадағы инвестициялық кеңесте нан зауыты, сүт зауыты, көкөніс қоймаларын салу жобалары қолдау тапты
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордадағы инвестициялық кеңесте нан зауыты, сүт зауыты, көкөніс қоймаларын салу жобалары қолдау тапты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115305625300744.webp)
ашық дереккөз
«Кез келген қарқынды өсіп жатқан қалаға әлеуметтік нысандар да, азық-түлік кәсіпорындары да көбірек қажет. Инвестициялық кеңесте нан зауыты, сүт зауыты, көкөніс қоймасының құрылысына қатысты жобалар қолдау тапты. Бұл шаралар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, нарықты жергілікті тауармен жабдықтауға, әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын ұстап тұруға мүмкіндік береді», - деп жазды А.Көлгінов.
Инвестиция мәселелері жөніндегі өңірлік кеңесте - оқу орындарының (мектептер, балабақшалар), металл-пластик конструкцияларын шығаратын зауыттың, өндірістік-қойма үй-жайларының және басқа да бірқатар маңызды нысандардың құрылысына қолдау көрсетілді. «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, инвесторларға қолайлы жағдай жасаймыз. Өйткені, әрбір инвестициялық жоба экономикаға жеке инвестицияларды тартып қана қоймай, сонымен бірге қала мен қала тұрғындарына қажет нысандар мен жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді», - деді елорда әкімі.
Ұқсас жаңалықтар
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
Бүгін, 19:00
Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
Бүгін, 14:49
Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
Бүгін, 13:22
Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)
Бүгін, 11:35
«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды