Мәнерлеп сырғанаудан Франциядағы Гран-При кезеңі індетке байланысты өтпейтін болды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мәнерлеп сырғанаудан Франциядағы Гран-При кезеңі індетке байланысты өтпейтін болды
ашық дереккөз

Әлемдік турнир 13-15 қараша күндері Гренобль қаласында өтуі тиіс болатын.  Франциядағы эпидемиологиялық жағдай қиындаған соң, ұйымдастырушылар осындай шешім қабылдаған. Айта кетелік, 14 қазан күні Франция президенті елдегі көптеген қалаларға коменданттық сағат енгізді. Олардың қатарында Гренобль қаласы да бар. «ISU Гренобльдегі Гран-при кезеңінің өтпейтінін өкінішпен хабарлайды және осы жағдайда түсіністік танытқан француз тарапына алғыс білдіреді», - делінген ресми хабарламада.