Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасы қайта өңдеуге қабылданады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасы қайта өңдеуге қабылданады
ашық дереккөз

Агротехникаларды қабылдау осы жылдың 2 қарашасынан басталады. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінің келісімімен тозығы жеткен ауылшаруашылық техникасы жеңілдік сертификаттарына алмастырылатын болады. Жеңілдік сертификатының құны агротехниканың (өздігінен жүретін) түрі мен жиынтығына байланысты 560 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейін бағаланады. [caption id="attachment_42832" align="alignnone" width="696"] Фото "ӨКМ Операторы" ЖШС баспасөз қызметінен[/caption] «Айталық комбайн тапсырғанда техниканың зауытта шыққан салмағынан 50 пайыздан асатын болса (толық жиынтық) 2 млн теңгеге жеңілдік сертификаты беріледі. Ал толық емес жиынтықтағы комбайндар  үшін сертификат құны 1,5 млн теңге болады. Сондай-ақ толық жиынтықтағы тракторлар үшін жеңілдік сертификатының мөлшері 1 млн теңгені құрайды. Толық емес жиынтықтағы машиналар (шынжыр табанды немесе дөңгелекті) 560 мың теңгенің сертификатына қабылданады. Жеңілдік сертификатын Қазақстанда құрастырылған су жаңа ауыл шаруашылығы техникасын немесе елімізде шығарылған жеңіл, жүк және жолаушылар көлігін сатып алатын кезінде пайдалануға болады», – делінген ӨКМ Операторының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. Айта кетсек, кез келген санаттағы отандық көлікті сатып алғанда жеңілдік сертификатын қолдануға және екі сертификатты біріктіруге болады. Сонымен қатар сертификатты басқа адамның атына тіркеуге (2 реттен артық емес) мүмкіндік бар. «Тозығы жеткен аграрлық техниканы қайта өңдеуге тапсыру, еліміздегі 80 пайызға ескірген ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар экологиялық таза көлік құралдарын өндіруді ынталандырады және қайта өңдеудің толыққанды жүйесін құруға ықпал етеді», – делінген ақпаратта.