Қазақстанның энергетикалық кәсіпорындарында 200-ден астам жоспардан тыс тексеру жүргізілді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қазақстанның энергетикалық кәсіпорындарында 200-ден астам жоспардан тыс тексеру жүргізілді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211530615541071.webp)
Жоспардан тыс тексерулердің ең көбі келесі аймақтарда жүргізілді: - Нұр-Сұлтан қ. және Қарағанды облысы - 32 тексеру. - Павлодар облысы - 29 тексеру - Қызылорда облысы - 24 тексеру Жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері бойынша әкімшілік істер жасалды, салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 26 млн 37 мың теңгені құрады, оның 23 млн 251 мың теңгесі мемлекет кірісі ретінде өндірілді. Жоғарыда аталған бақылау шаралары жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде жүзеге асырылды. Сондай-ақ, есепті кезеңде еліміздің энергетикалық кәсіпорындарында 3610 технологиялық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде: 3 апат, І дәрежелі 27 істен шығу және ІІ дәрежелі 3580 істен шығу. Комитеттің аумақтық департаменттеріне өтініштер бойынша 698 өтініш келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан 373, заңды тұлғалардан 325 өтініш келіп түсті. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің жалпы саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2% (61 өтініш) төмендеді.
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)