«Барыс» қақпашысы ҚХЛ-да апта үздігі атанды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Барыс» қақпашысы ҚХЛ-да апта үздігі атанды
ашық дереккөз

Елордалық «Барыстың» қақпашысы Йони Ортио апта үздігі деп танылды. Ол команданың сырт алаңдағы үш кездесуде жеңіске жетуіне көмектескен. Ортио қақпаға бағытталған соққылардың 94,74 пайызын қайтарған. Сондай-ақ, ол 96 минут 15 секунд бойы қақпаға шайба енгізбеді.