Данияр Елеусінов титулды жекпе-жегі алдында спарринг өткізді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Данияр Елеусінов титулды жекпе-жегі алдында спарринг өткізді
ашық дереккөз

«Қазақ найзағайы» Инстаграм парақшасында Майамидегі 5th St. Gym залының боксшысы Дэвид Агнес-Гонсалеспен спаррингі туралы қысқаша фото-есеп жариялады. Естеріңізге салсақ, Данияр Елеусінов кәсіпқой мәнсабындағы оныншы жекпе-жегінде Голливудта (Флорида, АҚШ) жартылай орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы намибиялық Джулиус Индонгомен (23-2, 12 КО) жұдырықтасады. Бұл жекпе-жекте жартылай орта салмақта бос тұрған IBF Inter-Continental титулы сарапқа салынады. Данияр соңғы жекпе-жегін былтыр желтоқсанда өткізген болатын. Онда бесінші раундта ол америкалық Алан Санчесті (20-5-1, 10 КО) нокаутқа жіберген еді. https://www.instagram.com/p/CGgW_0BFkcM/