«Білім» туралы заңға тиісті өзгерістер енгізіледі – Ақтоты Райымқұлова

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Білім» туралы заңға тиісті өзгерістер енгізіледі – Ақтоты Райымқұлова
ашық дереккөз

«Білім алушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру және бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру мақсатында Мәдениет және спорт министрлігі Білім және ғылым министрлігімен, мүдделі ұйымдармен, қорлармен, сонымен қатар Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинмен бірлесіп, Қазақстан Республикасы «Білім» туралы заңына тиісті түзетулер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қосымша білім беру жан басына нормативті қаржыландыру шаралары туралы мәселе пысықталып жатыр. Заңға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерге түзетулер енгізіледі», – деді ол.