Балалардың спорттық және шығармашылық әлеуетін дамытуға ерекше назар аударылуда – Райымқұлова

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Балалардың спорттық және шығармашылық әлеуетін дамытуға ерекше назар аударылуда – Райымқұлова
ашық дереккөз

«Мемлекет басшысы биылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында балалардың спорттық және шығармашылық әлеуетін дамытуға ерекше назар аударды. Сондықтан Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарында Мәдениет және спорт министрлігі алдында халықты, оның ішінде ең алдымен балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтырумен және бұқаралық спортпен айналысуға белсенді тарту, сондай-ақ спорт секцияларын ашу және балалар үйірмелерінің қызметін қалпына келтіру міндеті қойылды. Бұл ретте жалпыұлттық іс-шаралар жоспары шеңберінде Мәдениет және спорт министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, кәсіби спорт клубтарын ұстауға жіберілетін қаражатын халықты, ең алдымен балаларды спортпен айналысуға тартуға қайта бағдарлау және барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, ірі аудандарда бірқатар жобаны жүзеге асырды», – деді ол.