Елордада 16 автокөліктің номерін ұрлап, ақша бопсалаған адам ұсталды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада 16 автокөліктің номерін ұрлап, ақша бопсалаған адам ұсталды
ашық дереккөз

Автокөлік иелерінен сыйақы алуды жоспарлай отырып, ол зардап шеккен көліктердің алдыңғы әйнектеріне Telegram-дағы аккаунтымен жазбалар қалдырып, сол арқылы нөмірлік белгіні қайтару үшін 40 мың теңге талап еткен. Жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасаған азаматтың Қарағанды қаласында екені анықталып, оны полиция қызметкерлері қолға түсірді. Күдікті елордаға жеткізілді және кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 194-бабы ("бопсалау") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. «Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары, автокөлік нөмірлерінің ұрлануын болдырмау үшін, көлікті күзетілетін тұрақтарда немесе бейнебақылау камераларымен жабдықталған орындарында қалдырыңыз», - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.