Мәскеудегі Karate1 Премьер-лига кезеңі өткізілмейтін болды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мәскеудегі Karate1 Премьер-лига кезеңі өткізілмейтін болды
ашық дереккөз

Аталған дода 2020 жылдың қазан айының 2-4 жұлдызынан желтоқсанға ауыстырылған болатын. Халықаралық ұйым әлемдегі жағдайды ескере отырып, жарысты өткізбеу туралы шешім қабылдаған. "Спортшылардың және жарыстың басқа қатысушыларының денсаулығы мен әл-ауқаты біздің бірінші кезектегі міндетіміз болғандықтан, ұйымдастырушылармен және жергілікті билік органдарымен кездесулерден кейін бұл жарысты тоқтату туралы шешім қабылданды. Пандемия ушыға береді және мұндай жағдайда ұйымдастырушы тарап бар күш-жігерін салғанымен қатысушылардың қауіпсіздіктеріне кепілдік бере алмайды", - делінген WKF таратқан ресми хабарламада. Айта кетерлігі, аталған кезең Рабат пен Мадридте де өтпейтін болған.