Қазақ оркестрінің ықшамдалған шағын құрамы онлайн әдеби-музыка кешін өткізді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақ оркестрінің ықшамдалған шағын құрамы онлайн әдеби-музыка кешін өткізді
ашық дереккөз

Көрермендер бұл жолы тікелей эфирден, "Мен қазақпын" поэмасының авторы, жауынгер ақын Жұбан Молдағалиевтың шығармашылық мұраларын тыңдап, жарқын лебіздерімен бөлісті. «Биыл ақынның 100 жылдық мерейтойы екенін еске сала кетейік. Елорда филармониясы ұлы тұлғаларды ұлықтап, атаулы мерекелерді дәріптейтін онлайн кештерді өткізуді жалғастыратын болады. Бізден онлайн концерттер күтіңіздер», – делінген филармония баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.