Елорданың Байқоңыр ауданында жаңа өрт сөндіру депосы қызмет көрсетеді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елорданың Байқоңыр ауданында жаңа өрт сөндіру депосы қызмет көрсетеді
ашық дереккөз

Алтай Көлгінов әкімдік өртке қарсы қызмет нысандарының құрылысына және азаматтық қорғау органдары үшін авариялық-құтқару техникасын сатып алуға көмек көрсетіліп жатқанын атап өтті. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың қолдауының арқасында соңғы 15 жылда республикада құтқару қызметтері үшін 31 нысан салынған. Оның ішінде 23 өрт сөндіру депосы және 8 құтқару станциясы бар. Юрий Ильин еліміздің өрт-құтқару бөлімшелерінің инфрақұрылымын кеңейту бойынша шаралар қабылданып жатқанын айтты. Алтай Көлгінов пен Юрий Ильин елордалық жедел ден қою және төтенше жағдайларда шұғыл медициналық көмек көрсету үшін гарнизонға өрт техникасы мен реанимобильдердің кілтін салтанатты түрде табыс етті. Сонымен қатар қызметкерлерге жаңа өрт сөндіру депосының жобасы аясында жүзеге асырылған қызметтік тұрғын үйдің кілттері берілді. [caption id="attachment_42463" align="alignnone" width="709"] Фото ТЖД баспасөз қызметінен[/caption] Сондай-ақ жоғары көрсеткіштері мен кәсіби еңбектері үшін бірқатар қызметкер ведомстволық наградалармен марапатталды. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бастығы Бауыржан Сыздықовқа символикалық кілт табыс етілді. Жаңа төрт қабатты өрт сөндіру депосының ғимараты Нұр-Сұлтан қаласының Алаш көшесінде орналасқан. Өрт сөндіру бөлімі жалпы ауданы 4 мың шаршы метрді құрайды. Онда 6 машина сыятын орын бар. Депоның соңғы қабаттарында елордалық гарнизон қызметкерлері үшін жатақхана қарастырылған. Онда 27 жайлы бөлме бар. Өрт сөндіру депосы Байқоңыр ауданының аумағына қызмет көрсететін болады. Депоның қызмет көрсету аймағына тіршілікті қамтамасыз ету, сауда нысандары, өнеркәсіптік базалар мен қоймалар, саяжай алаптары кіреді. Сонымен қатар Ақмола гарнизонымен өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес, ТЖ-ны жою кезінде көмек ретінде бұл бөлім Қоянды, Софиевка елді мекендеріне де барады. Іс-шара барысында қала басшысы мен министр бастаған топ өрт сөндіру депосына экскурсия жасады. Онда қонақтар «Бөлім формулярында» бірінші жазба қалдырды. Қызметтік үй-жайлардың функционалдық мақсаттарымен, жабдықтарымен, өрт техникасымен танысып, жатақхана бөлмелерін, қызметтік пәтерлерді көрді. Депоның мәжіліс залында министр мен әкім арасындағы Нұр-Сұлтан қаласының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Салтанатты іс-шара өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша құрама команданың оның кезеңдерінің бірі – «Жауынгерлік қанат жаю» көрсетілімімен аяқталды. ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл сайын Нұр-Сұлтан қаласы гарнизонының бөлімшелері өрт сөндіруге және апаттық-құтқару жұмыстарына шамамен 4 мыңнан аса рет барады. Бұл ретте 500-ге жуық адам құтқарылып, 1,5 мыңнан астам адам эвакуацияланатын көрінеді.