Саннормды бұзған 71 сауда нысаны жұмысын реттеді – елорда әкімдігінің мобильді тобы
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Саннормды бұзған 71 сауда нысаны жұмысын реттеді – елорда әкімдігінің мобильді тобы](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115881323185686.webp)
Бүгін кезекті рейд барысында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мобильді тобы СЭС мамандарымен бірге елордадағы бірқатар сауда нысанын тексерді, деп хабарлайды Елорда Инфо.
Бұған дейін мобильді топ «Еуразия» сауда орталығындағы санитарлық норманың бұзылғанын екі мәрте анықтап, оларға ескерту жасаған болатын.
[caption id="attachment_17880" align="aligncenter" width="696"] Фото: Сұлтан Сейітов/Elorda Aqparat[/caption]
«Осы нысанда біз 29 мамыр күні рейд шарасын жүргізгенімізде ескерту жасағанбыз. Тексеріс қорытындысы бойынша жұмыстарын реттеуге кеңес бердік. Бүгін көріп тұрғандарыңыздай, барлық ескерту ескерусіз қалмаған. Негізінен әлеуметтік қашықтықтандыруға қатысты болды. Сонымен қатар нысанда бас санитар дәрігердің қаулысына сійкес, жұмыс істемеуге міндеттелген кәсіпкерлер жұмыс істеп жүрді. Ол – маникюр, педикюр сынды және тағы басқа. Сондай-ақ бетперделік режим мен температуралық режим сақталмады. Бүгінгі уақытта аталған сауда нысанының әкімшілігіне мобильді топ тарапынан ешқандай ескеру жоқ», – деді Нұр-Сұлтан қаласы Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының сауда және қызмет саласы жөніндегі бас маман Азамат Рашитов.
Сауда орталығының өкілдері жалға алушылармен инструктаж өткізіліп, сауда орталығы әкімшілігі тарапынан қаланың бас санитарының қаулысында көрсетілген алгоритмнің бақыланатынын жеткізді.
«Барлық жалға алушы бетперде тағып жүру туралы және барлық санитарлық норманы сақтау туралы инструктаждан өтті. Әкімшілер бақылау жүргізеді. Сонымен қатар жалға алушыларымызға қорғаныс заттарын ауыстырып отыруы керектігі жөнінде де ескертілді. Әкімшілік тарапынан санитарлық нормаға сәйкес, дезинфекциялық құрал-жабдықтармен тазалық жүргізіліп тұрады. Осы әрекеттің барлығын қадағалап отыратын жауапты маман бар. Бұл жөнінде бізде қатаң тәртіп орнады. Біз нысанның қоғам қоғамдық орын екенін ескереміз. Сондықтан да қауіпсіздікті өіміз үшін де, қоршаған орта үшін де сақтауға тырысамыз», – деді «Еуразия» сауда орталығының заң қызметі жөніндегі өкілі Артем Куткин.
[caption id="attachment_17881" align="alignnone" width="696"]
Фото: Сұлтан Сейітов/Elorda Aqparat[/caption]
Сондай-ақ ол келушілер мен сатушылардың арасында бетперделік режимнің сақталмағаны жөніндегі тұрғындардың наразылық білдіргені туралы сұрақтарға да жауап берді.
«Бетперделік режимнің сақталмауы жөнінде жалға алушылармен сөйлесіп, әкімшілік шара қолданамыз. Сондай-ақ біз келушілерге бетпердесіз және дене температурасын өлшетуден бас тартқан жағдайда оларға ішке кіруге құқық бермейміз. Инструктаждан өткен жалға алушылар келушілерге қолдарын санитарлық құралдармен тазартуы керектігін өтініш ретінде ұсынады. Егер саннорның сақталмағаны туралы деректі байқайтын болсақ, жалға алушылармен сөйлесеміз. Жалға алушылар өздері жауапты тұлғаны бекітеді. Сонымен қатар олар антисептикалық заттармен өздері қамтамасыз етуі тиіс. Алгоритмді сақтамаған жалға алушылардың ондай әрекеттері қайталанатын болса, біз тәртіпті реттейміз, сол жөнінде жұмыс жүргіземіз», – деді заңгер.
Оның айтуынша, жалға алушылар мен сатушылардың санитарлық норманы бұзғанын көрсе, тұрғындар сауда орталығының әкімшілігіне жүгінсе болады. Олар ақпаратты басшылыққа жеткізеді. Бұл жөнінде қабылдауға жазылуға немесе жазбаша өтініш қалдыруға яки интернет-ресурс арқылы жүгінуге болады.
Естеріңізге салсақ, қаланың ір ауданында мобильді топтар құрылды. Оның құрамына аудан әкімдіктерінің мамандары, СЭС қызметкерлері, полиция, сонымен қатар қаланың инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының қызметкерлері кіреді.
Нұр-Сұлтан қаласы Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының мамандарының сөзінше, 4 мобильді топ 494 нысанды тексерген. Соның ішінде 71 нысанға жұмысты реттемейінше қызметін тоқтату туралы пәрмен берілген.
СЭС мамандары тарапынан берілген ескерту аясында олардың барлығы жұмыстарын реттеді.
«Мобильді топ сонымен қатар тұрғындардың арыз-шағымы бойынша жұмыс жүргізеді. Біз, әрине, барамыз, тексереміз, егер күдікті бірдеңе зат табылса, ұсыныс айтамыз», – деді Азамат Рашитов.
[caption id="attachment_17882" align="alignnone" width="696"]
Фото: Сұлтан Сейітов/Elorda Aqparat[/caption]
Бұдан бөлек, мобильді топтар рейд шараларын карантин аяқталғанға дейін жалғастыра бермек.
«Біз нысандарды қаладан карантин режимі алынып тасталғанға дейін тексере береміз. Кез келген сауда нысаны ол – моншалар, сауда үйлері, шаштараздар. Біз кешенді жұмысқа көштік. Алдағы уақытта да алгоритм бойынша сауда нысандарымен бірге жұмыс жүргіземіз. Біздің мақсатымыз – сауда нысандарын жабу емес, санитарлық нормалардың сақталуы. Өйткені бұл – тұрғындар мен аталған нысандардағы қызметкерлердің қауіпсіздігі», – деді мамандардың бірі.
Бүгінгі рейд барысында, сонымен қатар «Еуразия» сауда орталығына қарама-қарсы бағыттағы «Арзан» дүкені де тексерілді. Сол сияқты мобильді топ бұған дейін тәртіп бұзу дерегі тіркелген «Аружан» сауда, ойын-сауық орталығына да барды.
СЭС мамандары ескерту алған ірі сауда нысандары 3 күнде, ал шағын дүкендер 1 күн ішінде жұмыстарын қалпына келтіруге міндетті екенін айтады.
![Астананың «Алматы» ауданына мурал салғысы келетін суретшілер шақырылады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173928680228674650.webp)
![Дәрігерлер Астанада пышақталған баланың жай-күйін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/17393332385476968.webp)
![Қыс мезгілі басталғаннан бері елордадан 5,5 млн текше метрден астам қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925649124459816.webp)
![Елордада жол ережесін қасақана бұзған жүргізуші қамауға алынды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173925211031758589.webp)