«Астана» футбол командасын енді ресейлік Андрей Тихонов жаттықтырады
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
49 жастағы жаттықтырушы футбол жанкүйерлеріне мәскеулік «Спартак» пен Ресей құрамасы үшін ойнаған кезінен танымал болды. Ол «Спартак» құрамында жүргенде 8 рет Ресей чемпионы атанған. Мәскеулік клубтан кейін Тихонов «Крылья Советов», «Химки», «Маккаби Тель-Авив» (Израиль) және «Локомотив» командаларының құрамында ойын көрсетті. 2009 жылы чемпионаттың үздік ойыншысы титулын, күміс медальдар жеңіп алып, клуб тарихындағы үздік ассистенттер тізіміне кірген Андрей Валерьевич «Астана» клубының тарихындағы бірінші капитан болды. Ойын мансабы аяқталарда Тихонов «Крылья Советов», «Спартак» (Мәскеу), «Спарта» (Щелково), «Краснодар» және «Енисей» командаларымен жұмыс істеген.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 19:00
Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді
Бүгін, 14:49
Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды
Бүгін, 13:22
Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды
Бүгін, 11:35
«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды