Елімізде 254 мыңға жуық медицина қызметкері жұмыс істейді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде 254 мыңға жуық медицина қызметкері жұмыс істейді
ашық дереккөз

«Ресми мәліметтер бойынша Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесінде 253 883 медициналық қызметкер істейді. Олардың арасында 74 046-і - дәрігер, ал 179 мыңнан астамы орта медициналық персонал. Жалпы санның ведомствоға қарасты мекемелерінде 6 075 адам, жеке медициналық ұйымдарда 16 мыңға тарта дәрігер жұмыс істейді. Өткен жылмен салыстырғанда дәрігерлік кадр 1,5 пайызға, орта медициналық қызметкерлер санының 2,6 пайызға өсуі байқалады», - дейді Қанат Төсекбаев.