Биыл құрылысы ұзаққа созылған «Жағалау-3» ТК пайдалануға беріледі
[caption id="attachment_42166" align="alignnone" width="800"] Фото: Александр Куприенко/Elorda Aqparat[/caption] Қасбеттік бөлік бойынша жұмыстар аяқталды, абаттандыру жұмыстары аяқталу сатысында: үлкен ауладан басқа, футбол және баскетбол алаңын орнату бойынша да жұмыс жүргізіледі. Жақын арада жұмысшылар кіреберістерді ішкі әрлеуге кіріседі, лифтілердің бір бөлігін орнатты, олар бойынша жұмыстар жалғасуда. «Жағалау-3» 30-блок құрылысын аяқтап, үйді жыл соңына дейін пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Үлескерлер Жаңа жылды көптен күткен пәтерлерінде қарсы ала алады. Сонымен қатар, «Жағалау-3» 28 және 29-блогының құрылысын аяқтау бойынша жұмыстар жүргізудеміз. Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың құрылысын қайта бастау және аяқтау оңай мәселе емес, әрбір үй жеке жұмысты талап етеді. Осы бағытта тиісті жұмыстар жүргіземіз», - дейді елорда әкімі.