Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 24,7 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 24,7 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады
ашық дереккөз

Аталған кәсіпорындардың жетекшілеріне орындалуға міндетті 511 нұсқама беріліп, 71,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қолданылған шаралардың нәтижесінде, сонымен қатар, жалақы бойынша қарызды өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 24,7 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, нәтижесінде оларға 2,76 млрд теңге төленді.

Жалпы, жоғарыда көрсетілген кезеңде мемлекеттік еңбек инспекторлары 2,9 мың тексеру жүргізді. 4,5 мыңнан аса ҚР еңбек заңнамасын бұзу фактілерін анықталып, 137,9 млн теңге сомаға айыппұл салынды.