Елордада сауда үйінен зергерлік бұйым ұрлаған күдікті ұсталды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада сауда үйінен зергерлік бұйым ұрлаған күдікті ұсталды
ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан қаласы ПД Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында зергерлік бұйымды ұрлауда күдікті 26 жастағы жас жігітті ұстады. Тергеп-тексеру барысында күдіктінің кешкі уақытта Сейфуллин көшесіндегі сауда үйінде болып, зергерлік дүкенге кіріп, сатып алушы ретінде барлық заттарды қараған. Сатушы сөреден бұйымды алып шығып, жақынырақ көрсеткен. "Қаскүнем жүзікті қолына тағып көрген, сатушының назары басқа жаққа ауған кезде 60 мың теңге тұратын алтын жүзікті ұрлап кеткен. Жабылар алдында сатушы тексерген, сол кезде жүзіктің жоғалғанын анықтаған", - делінген хабарламада. Қазіргі уақытта осы факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті кінәсін мойындады, ұсталған адамның бұрын елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоқ екені анықталуда. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарды сақ болуға шақырады. Бағалы заттарыңыз бен ақшаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар.