Байқоңыр ауданы әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы дәріс өтті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Байқоңыр ауданы әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы дәріс өтті
ашық дереккөз

Шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және қоғамда парасаттылық, адалдық, өз әрекеттері мен мінез-құлқына жауапкершілік қағидаттарын, сондай-ақ адамгершілік қасиеттерді таратудың маңыздылығын түсінуге арналған. Кездесуге қатысушылар парасаттылық пен адалдыққа тәрбиелеудің ұлттық негіздері, этикалық мәдениет деңгейінің қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың таралуымен арақатынасы туралы мәселелерді талқылады. Сондай-ақ парасаттылықты ілгерілету үшін пайдаланылуы мүмкін жаңа әзірлемелермен танысты. «Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың маңызды бағыттарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихатпен қоғамдық сананы өзгерту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты және сыбайлас жемқорлық көріністеріне теріс қатынасты қалыптастыру. Қоғамда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайы құрылуы тиіс», – делінген таратылған хабарламада. Спикер ретінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерделеу жөніндегі зерттеу орталығының сарапшы-талдаушысы Айбек Қабылдин сөз сөйледі.