Қазақстан мен Түркия арасында ғарыш саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстан мен Түркия арасында ғарыш саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды
ашық дереккөз

Түрік делегациясы Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғарыш орталығында болып, Жерді қашықтықтан зондтайтын қазақстандық спутниктердің жұмысымен танысты. Жұмыс кездесуі Байқоңыр қаласында жалғасты. Түрік ғарыш агенттігі делегациясының мүшелері космонавтика тарихының қалалық мұражайына барып, ғарыш айлағының нысандарын аралап, «Союз МС-17» басқарылатын жүк кемесімен «Союз-2.1 а» тасымалдағыш-зымыранның ұшырылымын тамашалады. Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазғарыш пен Түрік ғарыш агенттігі ғарыш саласындағы екіжақты ынтымақтастыққа бағытталған өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. Құжатқа қол қойылғанна кейін Түрік ғарыш агенттігінің президенті Сердар Йылдырым мен ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов: «Бұл құжат екі елдің ғарыш мекемелері мен кәсіпорындары арасындағы тәжірибелік ынтымақтастықты бастауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті.