Елордада 8 мыңға жуық адам «Birgemiz» қорынан төлем алады
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада 8 мыңға жуық адам «Birgemiz» қорынан төлем алады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115317141437502.webp)
Еліміздің Тұңғыш Президенті - Елбасының, "Nur Otan" партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстанда "Birgemiz" қорынан төленетін біржолғы төлемдердің үшінші толқыны басталды. Елордада халықтың әлеуметтік осал топтарының бекітілген жеті санаты бойынша 7 895 мұқтаж адам 50 мың теңге көлемінде көмек алады. "Birgemiz" қорынан берілетін біржолғы төлемдердің үшінші толқыны аясындағы көмекті оны бұрын алмаған азаматтар ғана алады. Алушылардың тізімі ЗТМО, Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы мен Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының деректер базасымен салыстырылды", - деді "Nur Otan" партиясы астаналық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Каналимов. Е.Каналимовтың айтуынша, алушылар тізіміне аз қамтылған отбасылар, жетім балалар, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, зейнеткерлер (ең төмен және төмен зейнетақы алушылар, жалғыз тұратындар), ҰОС қатысушылары және оларға теңестірілгендер, сондай-ақ тыл еңбеккерлері кірді. «Елбасына, «Nur Otan» партиясына көрсеткен көмектері мен біз туралы ұмытпағандары үшін зор алғысымды білдіргім келеді. Мен бірінші топтағы мүгедекпін және бұл көмек біз мұқтажбыз, жүректен үлкен рахмет", - деді елорда тұрғыны Татьяна Трамова. Еліміз бойынша барлығы 50 мың теңге мөлшерінде біржолғы төлемдi жүз мың мұқтаж отбасы алады.
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)