Елордада «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздары анықталды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздары анықталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115321633527744.webp)
Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» бағдарламалық мақаласының тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету, ұрпақтар сабақтастығын сақтау мақсатында ұсынымдар жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту мақсатында Қазақстан Респуликасында қалалық деңгейде «Еңбек жолы» байқауы өтті. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жанындағы конкурстық комиссия әкімнің орынбасары Н.Нұркеновтің төрағалығымен шешім қабылдады:
- «Ең үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша «Еңбек жолы» байқауының жеңімпазы анықталсын:
- Абеновтар әулеті (Абеновтар әулетінің жетекшісі Балгимбеков Абен, еңбек әулетінің жалпы еңбек өтілі теміржол саласында 240 жыл, отбасы мүшелерінің саны - 11), оның өкілі немересі – Абенова Сымбат Қанатқызы, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Ақмола филиалының маманы, жұмыс өтілі - 10 жыл);
- «Үздік жас өндіріс қызметкері» номинациясындағы «Еңбек жолы» байқауының жеңімпазы анықталсын:
Мадияр Алибекович Разбеков, №15 орта мектебінің география пәнінің мұғалімі (жұмыс өтілі - 4 жыл 8 ай, Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасының мақтау қағаздарымен марапатталды, мұғалімдер арасындағы қалалық жас мамандар конкурсының 2018 жылғы финалисі);
- «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» номинациясындағы «Еңбек жолы» байқауының жеңімпазы анықталсын:
Бейбитгул Нургалиқызы Жарасбаева, «№9 қалалық емхана» МКК педиатрия бөлімшесінің басшысы» (жұмыс өтілі - 36 жыл, төсбелгілердің саны - 1).
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)