Мәжіліс еуразиялық патенттеу жүйесінің сегіз елінде патент алуға бағытталған заң жобасын мақұлдады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мәжіліс еуразиялық патенттеу жүйесінің сегіз елінде патент алуға бағытталған заң жобасын мақұлдады
ашық дереккөз

Заң жобасының мақсаты – патенттеудің өңірлік жүйесін жетілдіру. «Халықаралық патенттеу кезінде әрбір мемлекетте жеке өтінімдер беру және жекелеген баждарды төлеу қажеттілігі маңызды әкімшілік кедергі болып табылады. Қазақстандық өтінім берушілер үшін өңірлік жүйенің артықшылығы сегіз мемлекеттің аумағында бір мезгілде қорғау алу үшін Еуразиялық патенттік ведомствоға жүгіну мүмкіндігі болып табылады», - деп атап өтті Әділет министрі.⠀ Хаттаманы ратификациялау нәтижесінде отандық тауар өндірушілердің өнеркәсіптік үлгісіне алған патенті Еуразиялық патенттеу жүйесіне қатысушы 8 мемлекетте (Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Түрікменстан және Тәжікстан Республикасы) қолданыла алады, осылайша аталған барлық елдерде бір басымдық күнін белгілеуге мүмкіндік береді.⠀ Марат Бекетаев өз сөзінде атап өткендей, өңірлік патент Еуразиялық нарыққа бағдарланған отандық тауар өндірушілердің мүмкіндіктерін кеңейтеді.⠀ Анықтама: 2019 жылғы 9 қыркүйекте Нұр-Ссұлтан қаласында 1994 жылғы 9 қыркүйектегі Еуразиялық патент конвенциясына Өнеркәсіптік үлгілерді қорғау туралы  хаттамаға қол қойылды. Хаттаманы ратификациялау мақсатында ҚР Әділет министрлігі ҚР тиісті заң жобасын әзірледі.