Елордада бұрын-соңды болмаған ерекше жарыс өтті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада бұрын-соңды болмаған ерекше жарыс өтті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115321142605805.webp)
«Ағайында Ералы, Шералы деген азаматтардың ұйытқы болуымен елордада көкпар өтті. Осы жарыстың аясында еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған спортшылардың қатысуымен гір тасын көтеру, қылыш көтеру, салмағы 180 кг болатын бөрене көтеру, қол күресі секілді спорттың төрт түрінен арнайы жарыс ұйымдастырылды. Спортшылардың арасында Азия чемпионы атағын иеленгендер болды. Жарыстың басты ерекшелігі жігіттер спорттың төрт түріне бірдей қатысуы керек. Жеңімпаздар балдық жүйемен анықталды. Ереже бойынша мысалға қылыш, бөрене көтере алмай қалғандар жарыстан шығарылады», - дейді халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қол күрестен әлем чемпионы Тимур Спатаев. Оның айтуынша 1-орынға 100 мың, 2-орынға 70 мың, 3-орынға 40 мың теңге тігілді. Қосымша грамота мен медальдары да қарастырылған. «Көзінде оты, жүрегінде түгі бар нар тұлғалы жігіттер бағын сынады. Көкпар өткізілгенмен делебесі қозып, оны қызықтаған адам көп бола қойған жоқ. Жұрттың назары осы төрт спорт түріне ауды. Мұндай жарыс елімізде тұңғыш рет өтіп жатыр. Алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізуді, Қазақстанмен ғана шектелмей, алыс-жақын елдерден спортшылар шақыруды жоспарлып отырмыз. Мұндай жарысты ата-бабаларымыз өткізіп, өзара күш сынасып тұрған», - дейді Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Тимур Спатаев мұндай жарыс адамның бойындағы патриоттық сезімін оятып қана қоймай, өскелең ұрпақтың спортқа деген қызығушылығын арттырады дейді. «Бұл жарыс халқымыздың біртуар азаматтарының бірі, әлемдік талай додаларда топ жарған, палуан, күш атасы, Қажымұқан Мұңайтпасұлын еске алу әрі жас ұрпаққа батыр бабамыздың ерліктерін, тірнектеп тапқан ақшасына соғыс жылдары ұшақ алып бергені секілді еңбектерін жас ұрпаққа насихат ету мақсатында ұйымдастырылды», - дейді Тимур Спатаев.
![Елордалық әкелер одағы ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсетеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173919538225400543.webp)
![Елордадан бір түнде 26 мың текше метр қар шығарылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173918064015040259.webp)
![Астаналық ұстаз пауэрлифтингтен өткен әлем чемпионатында алтын медаль алды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173917557236848047.webp)
![«Таза Қазақстан»: Елордада «Менің аулам» челленджі басталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173916829040935544.webp)